8 800 080 5559
CALL-ЦЕНТР
Қызметтер

1. Даму Банкімен Инвестициялық жобаны қаржыландыруының минималды сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады, бұл ретте азық-түлік және сусындар саласында іске асырылатын Инвестициялық жобаны қаржыландырудың минималды сомасы 3 (үш) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады. Инвестициялық жобаны қаржыландыру бестен жиырма жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

2. Даму Банкімен Экспорттық операцияны қаржыландырудың минималды сомасы 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады.

3. Ағымдағы қызметті несиелеу. Қарыз алушының ағымдағы қызметін қаржыландыру Инвестициялық жобаны қаржыландыру мерзімінен кем мерзімге инвестициялық жобаны қаржыландыру аясында жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Өзге кредиторлармен бірлесіп қаржыландыру кезіндегі минималды сома 7 млрд. теңгені құрайды, бұл ретте Даму Банкімен қаржыландырудың минималды сомасы бірлесіп қаржыландыру кезінде кем дегенде 3,5 (үш бүтін оннан бес) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады.

Азық-түлік және сусындар өндірісі саласындағы Инвестициялық жобаны бірлесіп қаржыландырған жағдайда (өзге кредиторлармен бірлесіп), бірлесіп қаржыландырудың минималды сомасы кем дегенде 3,5 (үш бүтін оннан бес) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады, бұл ретте қаржыландырудың минималды сомасы Даму Банкімен кем дегенде 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады.

5. Бірлескен қаржыландырудың минималды сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады, бұл ретте қаржыландырудың минималды сомасы Даму Банкімен 3,5 (үш бүтін оннан бес) миллиард теңгеге баламалы мөлшерді құрауы мүмкін.

6. Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру. Лизинг берушіні қаржыландыру кезіндегі минималды сома 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады.

7. Банкаралық несиелеу. Екінші деңгейдегі банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды қаржыландыру кезіндегі минималды сома 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады.